RU
"Спорт жарақатынан эпилепсия болды": Рудныйда боксшы жоғалып кетті
Жаңалықтар Қоғам

"Спорт жарақатынан эпилепсия болды": Рудныйда боксшы жоғалып кетті

Рассказать Вконтакте

Қостанай облысының Рудный қаласында 26 жастағы Ермек Жүнісов жоғалып кетті. Бұрынғы боксшы эпилепсиядан зардап шегуде. Ол талмадан кейін есін жоғалтып алады. Жігітті бір ай бойы жақындары істестіруде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ермек Жүнісов, фото: lider.kz

Ермек Жүнісов, фото: lider.kz

Ермектің туыстары жігіт "эпилепция салдарынан көшеде құлап қалмайын" деп қорқып, үйден мүлде шықпағанын айтты.

Ауру бұрынғы боксшыда спорттық жарақат салдарынан пайда болыпты. Жігіт осыдан кейін екінші топтағы мүгедек атанған.

Ермек 31 наурыз күні үйден автовокзал жаққа таңғы сағат тоғызда шығып кетіпті. Содан бері ешқандай хабар жоқ.

Ермек Жүнісов қара киінген. Өзімен бірге ешқандай зат алмапты.

Ерекше белгілері - бойы 170 см, арық, қой көзді, шекесінде 5 см тыртығы, қолында қасқырдың басы мен ою-өрнек бейнеленген татуы бар.

Тәртіп сақшылары бүкіл қаладан істестіріп шыққанымен, ешқандай нәтиже бермепті.

Егер сіз Ермек Жүнісовті көрген-білген болсаңыз, 102-ге немесе 8 777 587 66 77 нөміріне хабарлауыңызды сұраймыз.

Ермек Жүнісов, фото: lider.kz

Ермек Жүнісов, фото: lider.kz

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
5
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel