Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жас жұбайларды байлап, үстеріне шикі ет лақтырған дәстүр желіні шулатты

Опубликовано:

Жас жұбайлардың белін байлап, үстерінен ет лақтырған видео Instagram желісіндегі пабликтердің бірінде пайда болған. Желі қолданушылары аталмыш видеоны қызу талқылауда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Скриншот видеодан жасалды
Скриншот видеодан жасалды: Instagram

Instagram желісіндегі парақшалардың бірінде пайда болған видеода жас жұбайлардың белдерін бір жіппен байлап, үстерінен ақ орамал жапқанын анық көруге болады.

Оған қоса, той иелері орамалды ашқан сәтте, оның үстінен шикі ет лақтырған.

Бейнежазба авторы тек: "Бұл қандай салт екен қызық" деген қысқа ғана жазба қалдырған.

Ал желі қолданушылары оны шамамен қырғыз елінің салты болуы мүмкін деген болжам айтқан.

Олар "Қырғыз бауырлардың салты", "Қазақтың дәстүрі емес", "Қазақ халқына тән салт емес" деген пікірлерін жаудырып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1793157-zas-zbajlardy-belden-bajlap-stinen-siki-et-laktyrgan-dstr-zelini-sulatty/

pixel