RU
Тоқаев: Зұлмат соғыстың зардабын ұмытпау – біздің қастерлі борышымыз
Жаңалықтар Қоғам

Тоқаев: Зұлмат соғыстың зардабын ұмытпау – біздің қастерлі борышымыз

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандықтарды бүгінгі 9 мамыр - Жеңіс күнімен құттықтады деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Тоқаев: Зұлмат соғыстың зардабын ұмытпау – біздің қастерлі борышымыз

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

"Қымбатты отандастар!

Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Баршамыз үшін бұл мерекенің маңызы ерекше.

Халқымыз Ұлы жеңіске өлшеусіз үлес қосты. Отандастарымыз майдан даласында ерлікпен шайқасып, олардың жартысынан жуығы елге қайтып оралмады.
Жауынгерлеріміздің батырлығы мен қайтпас қайсарлығы Жер бетінде бейбітшілік пен тыныштықты сақтауға мүмкіндік берді.
Тыл еңбеккерлерінің жанкештілігінің арқасында Қазақстан майдан даласына орасан зор көмек көрсетті. Соғыс жылдары елімізге жүздеген зауыттар мен фабрикалар көшірілді. Майданға мыңдаған вагон киім-кешек пен азық-түлік жіберілді.

Аға буынның теңдессіз ерлігін құрметтеп, зұлмат соғыстың зардаптарын ұмытпау – біздің қастерлі борышымыз.

Барлық ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!", - делінген құттықтау хабарламасында.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel