RU
Шымкентте қорқытып несие алғызып, жалған құжаттар жасағандар сотталды
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте қорқытып несие алғызып, жалған құжаттар жасағандар сотталды

Рассказать Вконтакте

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотында 30 жастағы Родион мен 24 жастағы Жеңіске қатысты сот үкімі шықты. Екі жігіт жастарға несие рәсімдеуге мәжбүрлеп, ақшаны иемденіп кетіпті. Сондай-ақ, оларға есірткі және қаруды заңсыз сақтау бойынша айып тағылған деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ.

Қылмыскерлер өз мақсатын іске асыру үшін екеуара келісіммен Шымкенттің оқу орындарынан 16-18 жастағы жігіттерді арнайы іздеп тауып, оларға психологиялық қысым жасаған.

Көнбеген жағдайда қоқан-лоққы көрсетіп, қорқытқан екен.

Тіпті қала сыртына шығарып, ұрып соққан. Жәбірленушілерді ақша мен заттарды несиеге алдырып, өздері тартып алып жүріпті.

Қылмыстық жұп жарты жылдай осылай тайраңдап келген. Жарты жыл ішінде 5 адамға зәбір көрсетіп, 7 млн-ға жуық теңге мен заттарды қорқытып алғаны анықталды.

Олар жәбірленушілерді бір жарым млн теңгеге дейін несие алуға мәжбүрлеген. Ал несиеге рәсімдеткен қымбат телефонды бірден өздері иемденіп алыпты.

Жасы он сегізге енді толып, әлі жеке куәлік алмаған бозбаланы тездетіп куәлік рәсімдетіп жарты млн теңгеге несие алғызған. 

Қылмыстық жұп әккілігінің арқасында ұзақ уақыт тәртіп сақшыларынан сытылып кетіп жүріпті.

Жәбірленушілер болса туыстарына да ештеңе айтпай, бәрін жасырып келген. Банктер мен сауда үйлеріндегі бейнекамералар қылмыстық жұпты құрықтауға сеп болған.

Ұсталған сәтте сотталушылардың үйінен заңсыз сақталған қару, құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде жасалған жалған құжат, енді бірінің үйінен есірткі тәркіленген.

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық соты бұл қылмыстық әрекеттері үшін екеуін де кінәлі деп тауып, 6 жылдан әрқайсысына бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
1
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel