RU
Петропавлда көліктің жүк салғышынан аяқ-қолы байланған балалар табылды
Жаңалықтар Қоғам

Петропавлда көліктің жүк салғышынан аяқ-қолы байланған балалар табылды

Рассказать Вконтакте

Петропавлда патрульдеу кезінде Ұлттық Ұланның әскерлері автокөліктің жүк салғышынан аяқ-қолдары байланған балаларды тауып алды деп хабарлайды "Петропавловск News"-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Петропавл

Көрнекі фото: iberianrailwayssociety.org

Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық Гвардиясының 6637 әскери бөлімінің штаб бастығы капитан Ерхан Мұсалимовтың айтуынша, жауынгерлер Петропавлда заңбұзушылыққа жол бермей, тыныштықты сақтауға көмектесуде. Күн сайын әскерилер қала көшелеріне патрульдеуге шығады екен.

Шаһарды торуылдау кезінде сарбаздарға балаларын таба алмай жүрген әйел келіп, көмек сұраған. Қала тұрғынының айтуынша, өзі екі жұмыс істейтін болған соң балаларын үйінде жұбайы қарайтын көрінеді. Сол күні күйеуі ішімдікке сылқия тойып алған.

Жұмыстан соң үйіне барған әйел күйеуін де, бүлдіршіндері де таппай қалыпты.

Сол маңда жүрген азаматтар жақын жердегі гараждардың бірінен балалардың дауысын естігенін айтқан.

"Біз жедел топты шақырып, гаражды бұзып кірдік. Сол сәтте көліктің жүк салғышында байлаулы жатқан кішкентай інісі мен әпкесін таптық", - дейді лейтенант Темірханов.

Оның айтуынша, үйдің отағасын сол күні түнге дейін іздепті. Артынша оның балаларды таңертең көлікке қамап кетіп, өзі ішімдік ішуге кеткені анықталған.

Сіздің реакцияңыз
7
17
0
8
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel