RU
Сергей Доренко дүниеден озды
Жаңалықтар Қоғам

Сергей Доренко дүниеден озды

Рассказать Вконтакте

Сергей Доренко дүниеден озды. "Говорит Москва" радиостанциясының бас редакторы 9 мамырда Мәскеу қаласында көз жұмған деп хабарлайды радиостанцияның Telegram-арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Сергей Доренко. Фото: Facebook/Rasstriga

Сергей Доренко. Фото: Facebook/Rasstriga

Радиожүргізуші 59 жаста болған.

Қайғылы жағдай туралы марқұмның әріптесі, "Эхо Москвы" радиостанциясының бас редакторы Алексей Венедиктов баяндап берді деп хабарлайды ТАСС.

Венедиктовтың сөзінше, жол полициясында Доренконың мотоциклды басқара алмай, қарсы жолаққа шығып, бетон қоршауға соғылғанын айтқан.

Алдын ала болжам бойынша, рөлде отырған журналистің жүрегі ауырған. Жол апатының басты себебі де сол болуы мүмкін.

Доренко журналистік мансабын 1985 жылы бастаған. Ол БМТРК және ҚРТ арналарында жұмыс істеп, тәуелсіз позициясымен, өткір пікірлерімен көрермендер көңілінен шыға білген.

Соңғы жылдары журналист "Эхо Москвы" радиостанциясында еңбек етіп, "Русская служба новостей" мен "Говорит Москва" радиостанциясын басқарды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel