RU
Ақмола облысы әкімінің орынбасары Жомарт Нұркенов жол апатынан қаза тапты
Жаңалықтар Қоғам

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Жомарт Нұркенов жол апатынан қаза тапты

Рассказать Вконтакте

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Жомарт Нұркенов жол апатынан қаза тапты деп хабарлайды "ҚазАқпарат" агенттігі.

Фото: facebook.com/marat.igali

Фото: facebook.com/marat.igali

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметі бойынша, жол-көлік оқиғасы 9 мамыр күні сағат 18.30-да болған.

"Телефон арқылы хабар түсіп, онда Көкшетаудан 3 шақырым жерде, "Петропавл-Астана" автожолында 1974 жылы туған Көкшетау тұрғынының басқаруындағы джип жол жиегінде тұрған жұмыс істемейтін асфальт төсегіш машинаға соғылғаны айтылды.
Рөлде Ақмола облысы әкімінің орынбасары Жомарт Нұркенов болды. Ол жол апаты салдарынан көз жұмды", - деп хабарлады өңірлік Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәр Пинчук.

Оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша (Адам өліміне әкеп соқтырған Жол жүру ережесін бұзу) сотқа дейінгі өндіріс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
9
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel