RU
Петропавлда шағын автобус өртеніп кетті (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Петропавлда шағын автобус өртеніп кетті (видео)

Рассказать Вконтакте

9 мамыр күні Петропавлдағы Жұмысшылар кентінде шағын автобус өртеніп кетті. Бұл туралы Петропавловск.news сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Өрт басталғанда автобустың ішінде адамдар болған. Олар қоғамдық көлік соңына дейін жанып кеткенше, тысқа шығып үлгерген.

Өрт сөндірушілер келген сәтте автобус толығымен өртеніп кетіпті.

Куәгерлер өрт сөндірушілердің жанып жатқан шағын автобусты өшіргенін видеоға түсіріп алған екен.

"ҚазАқпарат" агенттігінің хабарлауынша, Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі зардап шеккендер мен көз жұмғандар жоқ екенін мәлімдеген.

Қазіргі уақытта оқиғаның себебі мен залалы анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз
1
4
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel