Выйти
RU

GGG жаңа бапкерімен жаттыққан видеосын көрсетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин жаңа бапкері Джонатан Бэнкспен жаттыққан видеосын көрсетті. GGG бейнероликпен өз Youtube арнасында бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: sports.kz

Фото: sports.kz

Спортшы тек жаттығудағы кадрларды жариялап қана қоймай, Лас-Вегастағы Сауль Альварес- Даниэл Джейкобс кездесуіне барғаны туралы да айтты. Осылайша, ол үлкен боксты сағынғанын алға тартты.

Одан бөлек, Геннадий мұндай шараларға қатысқан соң өз жігері артып, көбірек жаттыққысы келетінін жеткізді.

Ол өз бапкерімен өткізген жаттығуларын қайта оралуға теңеді.

Қазақстандық боксшының сөзінше, қазір командада барлығына жаңа көзқарас қалыптасқан.

Айта кетейік, GGG 9 маусым күні шаршы алаңға қайта оралады. Ол Стив Роллспен кездесу өткізбек.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
GGG жаңа бапкерімен жаттыққан видеосын көрсетті