RU
Елордада дүкен тонаған жігіт бейнебақылау камерасына түсіп қалды
Жаңалықтар Қоғам

Елордада дүкен тонаған жігіт бейнебақылау камерасына түсіп қалды

Рассказать Вконтакте

Елордада дүкен тонаған жігіт бейнебақылау камерасының көмегімен ұсталды. Бұл жайында Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті мәлімдеді деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Фото: Нұр-Сұлтан қалалық ПД

Фото: Нұр-Сұлтан қалалық ПД

"Полицияға медициналық бетперде киген белгісіз адамның сатушыны қарумен қорқытып, дүкен кассасындағы ақшаны алып кеткендігі туралы хабарлама түсті. Астаналық департаменттің жедел уәкілдері тонаушыны қысқа ғана уақыттың ішінде тапты. Ол 23 жастағы Алматы облысының тұрғыны болып шықты", - делінген таратылған ақпаратта.

Департамент мәліметіне қарағанда, күдікті түн ішінде дүкенге кіріп, сатушыны пневматикалық тапаншамен қорқыту арқылы ақшаны алып, із жасырған.

Қазіргі уақытта ұсталған азамат полиция департаментінің уақытша оқшаулағышына қамалды. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің "Тонау" бабы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз
4
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel