RU
Сириядағы қазақстандықтарды эвакуациялау операциясынан кадрлар пайда болды
Жаңалықтар Қоғам

Сириядағы қазақстандықтарды эвакуациялау операциясынан кадрлар пайда болды

Рассказать Вконтакте

Желіде Сириядағы қазақстандықтарды эвакуациялау операциясының видеосы пайда болды. Бейнежазбаны президент кеңесшісі Ерлан Қарин өз Youtube-арнасында жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

"Жусан-2" деп аталған операция Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 7-9 мамыр аралығында өткізілді.

Нәтижесінде 230 қазақстандық, оның ішінде 150-ден астам бала отанына оралды.

Анықталғандай, бірнеше бүлдіршін жауынгерлік іс-қимылдарда алған жарақаты салдарынан ауыр жағдайда жатыр. Құтқарылған 18 баланың ата-анасы жоқ.

Бұл қазақстандықтарды Сириядан құтқару бойынша ұйымдастырылған екінші гуманитарлық операция. Алғашқы операция осы жылдың басында өткен.

Президент Қазақстан терроризммен күрес жүргізу, сондай-ақ қиын жағдайда қалған азаматтарына қол ұшын созу міндеттемелерінен бас тартпайтынын айтты.

Мемлекет басшысының сөзінше, гуманитарлық акция жалғаса береді. Мемлекет өз азаматтарының тағдырына ешқашан бей-жай қарамайды.

Сіздің реакцияңыз
4
3
3
7
3
9
7
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel