Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кішкентай қызды құтқармақ болған азамат Есіл өзеніне батып кетті

Опубликовано:

Кішкентай қызды құтқармақ болған 38 жастағы азамат Есіл өзеніне батып кетті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: mkset.ru
Көрнекі фото: mkset.ru: UGC

Қайғылы жағдай 10 мамыр күні "Газмашаппаратура" бағбандық ауданында болған.

12 жастағы қыз күшігінің соңынан өзенге кетіп, бата бастаған.

Мұны жағадағы балықшы азамат байқап, қызды құтқаруға асыққан. Алайда, оның өзі судан қайта шыға алмапты.

"Орталық өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы" ММ құтқарушылары балаға алғашқы көмек көрсетті.

Балықшының денесі біраз уақыттан кейін жағаға шығарылды.

Оқиға орнында жедел-тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1793308-kiskentaj-kyzdy-ktkarmak-bolgan-azamat-esil-zenine-batyp-ketti/

pixel