Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада ұялы телефон арқылы ақша жымқыратын алаяқ ұсталды

Опубликовано:

Елордалық полиция қызметкерлері ұялы байланыс арқылы бірнеше рет алаяқтық жасау күдігімен Павлодар қаласының 43 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Көрнекі фото: AndroidLime
Көрнекі фото: AndroidLime: Instagram

Алаяқ ұялы байланыс абоненттерінің жеке кабинеттеріне кіру арқылы ондағы ақша қаражатын есепшот картасына аударып отырған.

Ол үшін күдікті телефон арқылы абонентке компания қызметкері ретінде хабарласып, ұялы телефон ұтып алғанын айтқан және жүлдені алу үшін СМС-хабарлама түріндегі бір реттік құпиясөзді айтуды өтінген.

Осыдан кейін ол абоненттің балансынан ақша ұрлаған. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты алты факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1793313-elordada-aly-telefon-arkyly-aksa-zymkyratyn-alaak-staldy/

pixel