RU
Сириядан құтқарылған қазақстандықтар Ақтауға ұшып келді
Жаңалықтар Қоғам

Сириядан құтқарылған қазақстандықтар Ақтауға ұшып келді

Рассказать Вконтакте

Сириядан эвакуацияланған қазақстандықтардың ұшағы Ақтауға қонды деп хабарлайды Lada.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

"Жусан-2" қазақстандықтарды эвакуациялау операциясы 7-9 мамыр аралығында өтті.

Құтқарылғандардың қатарында 150-ден аса бала мен 60-қа жуық әйел бар. Елге жеткізілген 18 баланың ата-анасы жоқ.

Басылымның мәліметінше, бүлдіршіндердің ойын бөлу үшін оларға ойыншық ұсынылған. Әлі жүре алмайтын балаларды арнайы қызмет өкілдері көтеріп жүрген.

Отанына оралған 23 жастағы қазақстандық әйел баласы дүниеге бір апта бұрын ғана келгенін айтады. Оның жұбайы мен екі үлкен баласы Ирактағы жарылыста қаза тапқан екен.

Хабарланғандай, жауынгерлік іс-қимылдардан ауыр жарақат алған бірнеше бүлдіршінге медициналық көмек ұйымдастырылған.

Әйелдер мен балалар қазір бейімдеу орталығында дәрігерлер мен психологтардың бақылауына алынды.

Жеткізілігендердің ішінде халықаралық террористік ұйымдардың 16 мүшесі болған.

Айта кетейік, қазақстандықтарды Сириядан эвакуациялау операциясы туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз
2
2
5
6
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel