RU
"Адамдардың алдында ұят": Роман Скляр Павлодар облысындағы жолдар туралы айтты
Жаңалықтар Қоғам

"Адамдардың алдында ұят": Роман Скляр Павлодар облысындағы жолдар туралы айтты

Рассказать Вконтакте

Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрі Роман Скляр Павлодар облысына іс-сапары кезінде Павлодар-Нұр-Сұлтан автобаны құрылысының ұзақ уақытқа созылуына байланысты жол қызметтеріне ескерту жасады деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: mid.gov.kz

Фото: mid.gov.kz

Министр осы уақытқа дейін бірнеше мердігердің ауысқанын, сол себепті құрылысқа көп уақыт жұмсалғанын айтты.Ол жолды үш айда салып бітіруді тапсырды.

"Мен адамдардың алдында ұяламын, шынымен. Жеңіс Махмұдұды (Қасымбек-авт) қызарып кетті. (…) Біз ұзақ уақытқа создық, ақтала алмаймыз",- деді Скляр.

Сонымен қатар, бұл жағдайда министр тек мердігерлер ғана емес, құрылысқа жауапты мемлекеттік органдар да кінәлі екенін айтты.

Оның сөзінше, автобан құрылысы үшін биылғы жылы 28 млрд теңге бөлінген. Ең жоғары рұқсат етілген жылдамдық сағатына 140 шақырым деп жоспарлануда. Жол ақылы болады – жүйе авто нөмірін тіркеп, түбіртекті оның иесіне жібереді.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel