RU
Рамазан айында сырқаттанған адамға ораза тұту міндет пе?
Жаңалықтар Қоғам

Рамазан айында сырқаттанған адамға ораза тұту міндет пе?

Рассказать Вконтакте

Биыл қасиетті Рамазан айы 6 мамырда басталды. Аллаға құлшылық еткен мұсылмандар 30 күн ораза тұтып, ауыз бекітеді. Ал солардың қатарында сырқаттанып қалған адамдарға ораза ұстау міндет пе? Мұндай жағдайда не істеу керек? Бұл сұраққа muslim.kz сайты жауап береді.

Көрнекі фото: muslim.kz

Көрнекі фото: muslim.kz

Пенделеріне мейірімділік және жеңілдік болуы үшін Алла Тағала науқас адамға рамазан айында ораза тұтпауға рұқсат еткен. Құран Кәрімде: "...Ал, сендерден кім ауру не сапарда болса, онда басқа күндерде (оразасын тұтсын)"– деп әмір етілген.

Сондықтан, науқас адам ауруы асқынуынан қауіптенсе ораза тұтпайды. Емделген соң қазасын өтеп береді. Ал, ауруы асқынуы өмірлік тәжірибеге немесе білікті дәрігер маман айтуымен анықталады. Бұған қоса, ораза тұту емделуін кешіктірсе немесе баяулатса да ораза тұтпайды. Өйткені, аурудың емделуі баяуласа адамның өміріне қауіпті. Ал, мұндай жағдайдан сақтанған жөн.

Науқас емделіп болған соң, тұтпаған күндерінің қазасын өтеп береді. Рамазан қазасын өтеуде кісінің ораза күндерінің арасын үзбей немесе бөліп тұтуында ерікті. Алайда, мойындағы парызды ертерек өтеу үшін үзбей тұтуы құп саналады.

Науқас емделіп бірер күннен кейін қайтыс болса, марқұмның атынан туыстары оның сауыққан күндері шамасынша бір күн үшін бір адамға ас береді.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
1
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel