RU

Алматыда автобус ішінде жолаушылар зейнеткерге құлап, оның аяғын сындырды

Келеңсіз жағдай қоғамдық көлік жүргізушісінің тежегішті бірден басу салдарынан орын алған. Нәтижесінде, автобустағы жолаушылар зейнеткердің үстіне құлап, оның аяғын сындырды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: abctv
Көрнекі фото: abctv: UGC

Оқиға 6 мамыр күні орын алған.

Басылымның жазуынша, әйел адам автобус жүргізушісінің қоғамдық көлікті бірден тоқтатқанынан зардап шегіпті.

Автопарк жәбірленушіге медициналық және сауықтыру қызметтерінің ақысын төлейтінін жеткізген.

Қоғамдық көлік жүргізушісі әкімшілік жауапқа тартылып, жүргізуші куәлігінен айырылды. Сондай-ақ, 101 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттілді.

Қазіргі уақытта зейнеткерді отаға дайындап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1793365-almatyda-avtobus-isinde-zolausylar-zejnetkerge-klap-ony-aagyn-syndyrdy.html