RU

Нұр-Сұлтанда көлік бөлшектерін ұрлағандар ұсталды

Нұр-Сұлтан қаласының полиция қызметкерлері бірнеше көліктің аккумуляторын ұрлаған екі күдіктіні ұстады деп хабарлайды елордалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

фото: Астана қаласының полиция департаменті
фото: Астана қаласының полиция департаменті: Facebook

Полицияның айтуынша, соңғы уақытта азаматтардан аккумулятор ұрлығы туралы арыздар жиі түсіпті.

Олар ұрлық түнде, көбінесе дабыл белгісі жоқ көліктерде болғанын атап өтті.

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шарасының нәтижесінде екі күдікті ұсталғанын жеткізді.

"Қазіргі таңда "ұрлық" бабы бойынша тергеу жүргізілуде, заттай айғақ тәркіленді.
Сонымен қатар, күдіктілердің бұрын елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстығы тексерілуде", - деді полиция департаменті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1793369-nr-sltanda-klik-blsekterin-rlagandar-staldy.html