RU
Петропавлда жолаушылар автобусы толығымен өртеніп кетті
Жаңалықтар Қоғам

Петропавлда жолаушылар автобусы толығымен өртеніп кетті

Рассказать Вконтакте

Петропавлда жолаушылар автобусы өртенді. Оқиға қалалық аялдаманың бірінде болды деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орнынан фото: ҚР ІІМ ТЖК

Оқиға орнынан фото: ҚР ІІМ ТЖК

Оқиға бүгін, 11 мамырда 10.29-да орын алды.

Хабарламада автобустың Интернационал көшесі бойындағы аялдаманың бірінде өрттенгені айтылды.

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, 12 жолаушы автобустан өздері шыққан. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Қызыл жалын 10:42-де толығымен сөндірілгені хабарланды.

Алдын ала болжам бойынша, өртке электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
2
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel