Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үлкен рақмет": Головкин Санчеспен соңғы рет не туралы сөйлескенін айтты

Опубликовано:

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин бұрынғы бапкері Абель Санчеспен ешқандай жанжалсыз айырылысқанын айтты деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Санчестің сөзінше, Головкин бапкерлік төлемдерді бірден қысқартуды талап еткен.

Маман бірлескен жұмысты тоқтату туралы жария етілгеннен кейін қамқорлығындағы бұрынғы боксшыны ашкөз және жақсылық істегенді білмейтін адам деп атады.

"Абель сен кеткеннен кейін көп сөз айтты. Бұл туралы не ойлайсың?", - деген журналистің сұрағына қазақстандық боксшы жауап қайырды.

"Бұл Абельдің шаруасы. Соңғы рет сөйлескеніміз есімде. Мен оған қоңырау шалып былай дедім: "Абель, барлығы үшін көп рахмет. Мен сізді құрметтеймін, сіз керемет бапкерсіз және маған көп нәрсе үйреттіңіз. Үлкен рахмет", - деді Генадий Головкин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1793377-lken-rakmet-golovkin-sancespen-sogy-ret-ne-turaly-sjleskenin-ajtty/

pixel