RU
Ақмола облысында ер адам көпқабатты үйден секіріп өлмек болды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Ақмола облысында ер адам көпқабатты үйден секіріп өлмек болды (видео)

Рассказать Вконтакте

Ақмола облысында өмірмен қош айтыспақ болған азамат көпқабатты үйден секіріп кетпекші болды. Бұл туралы ІІМ-не қарасты Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр

Фото: видеодан кадр

Оқиға Щучинск қаласында өткен. Жергілікті тұрғындардың бірі көпқабатты үй балконынан секіріп кетпек болып, көпшілікті қорқытқан.

Биіктен құлап түсуді жоспарлаған азаматты облыстық төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері құтқарып қалды. Олар қайғылы жағдайды болдырмас үшін барын салды.

Жедел кезекшілердің бірі өмірмен қош айтыспақ болған ер адаммен 30 минут бойы телефонмен сөйлесіп тұрған. Нәтижесінде, ол Шучинск тұрғынына психологиялық көмек көрсетіп, райынан қайтарған.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel