RU
Бүркіт жарының бос уақытында немен айналысатынын көрсетті (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Бүркіт жарының бос уақытында немен айналысатынын көрсетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Әнші Бүркіт әйелінің ән гастрольдерінен бос уақытында немен айналысатынын көрсетті. Белгілі болғандай, Аишаның қолынан үй шаруасымен айналысу ғана емес, көмір тасу да келеді екен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сүйікті жарының көмір таситынын Бүркіт өзінің Instagram парақшасында жайып салған. Ол әйелінің қолынан көп нәрсе келетінін оқырмандарымен қуана-қуана бөлісіп, Аишаның көмір тасып жатқан суретін жүктеген.

"Аиша ән гастроліне шықпаған кездерінде осындай істермен айналысады" , - деп жазған әнші.

Желі қолданушылар отандық жұлдыздың жұбайына қатысты өз пікірлерімен бөлісіп, Бүркіт жариялаған фотоны қызу талқылаған.

"Жарайсың, Аиша. Нағыз қазақ келіні деп осыны айт" , "Қарағандының қызы ғой. Көмірмен тіл табыса алады" , "Үйде от дейсіз ғой" , "Шымыр құттық келіндері осындай", "Келіншегіңіз қарапайым. Бақытты болыңыздар" , "Ағамыз жеңешемізге көмір кіргіздіріп қойған ба?" , - деп жазуда желідегілер.

Сіздің реакцияңыз
13
6
4
4
7
76
8
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel