RU
ШҚО-да 95 жастағы Ұлы отан соғысының ардагері қайтыс болды

ШҚО-да 95 жастағы Ұлы отан соғысының ардагері қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан облысында Ұлы Отан соғысының ардагері қайтыс болды. Майдангер Асылхан Бекбаев 95 жасында өмірден өтті деп хабарлайды "Объектив Восток" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ұлы отан соғысының ардагері Асылхан Бекбаев. Фото: obvk.kz

Ұлы отан соғысының ардагері Асылхан Бекбаев. Фото: obvk.kz

Асылхан Табылдыұлы 1924 жылдың наурыз айында Павлодар облысындағы Бесқарағай ауданына қарасты Ойқарағай ауылында дүниеге келген.

Арадгердің өмірбаянында оның балалық шағы аса ауыр өткені жазылған. Ол сол кездегі аштық пен суықты көріп өсті.

1940 жылы жеті жылдық мектепті тәмамдап, ол Семейдегі геологиялық барлау жұмыс факультетіне түсті. Факультет жабылып қалған соң, ол үйіне қайтып оралған. Семеновкаға келіп, ол жергіліктіпошта бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды.

Соғыс басталған бойда Асылхан Табылдыұлын әскерге шақыртып, бірден Селищенск әуе механиктерінің әскери мектебіне қабылдады. Оқу орны Қазақ КСР-дегі Петропавлда орналасқан.

1943 жылы қазақ айында оқу аяқталып, ол алтыншы гвардиялық бомбалау дивизиясының 13 жойғыш авияциялық полкына жөнелтілді.

Фото: kpravda.ru

Фото: kpravda.ru

1944 жылдың қарашасынан бастап, Бекбаев үшінші белорусситық фронттың 134 гвардиялық авияциялық полкы құрамында Беларусия, Прибалтика мен Шығыс Пруссия аумағын гитлершілдерден босатуға көмектесті.

1945 жылы ол Жеңіс күнін Кенигсбергте атап өтті.

Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен асқанқайсарлығы үшін Асылхан Табылдыұлы екінші дәрежелі ОСА орденімен, 12 медаль мен түрлі төсбелгілермен марапатталды.

Соғыстан кейін ардагер орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі болып қызмет атқарды. 1963-1987 жылдар аралығында Семейдегі педагогикалық училищенің директоры болды.

Зейнетке шығып Бекбаев қоғамдық жұмыспен айналысуды жалғастырған.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel