Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал комментатор Qazsport арнасы басшысының былығын ашты

Опубликовано:

Танымал отандық комментатор Ермұхамед Мәулен өзі жұмыс істеген Qazsport арнасының басшысы туралы бар шындықты жайып салды. Ол Павел Цыбулинның былығын ашып, оған телеарнадан кету керектігін айтты деп жазады prosports.kz.

Фото: prosports.kz
Фото: prosports.kz: Twitter

Ермұхамед Мәулен өзінің Qazsport телеарнасынан кету себебін түсіндіріп, басшылыққа қатысты тың мәліметтермен бөлісті.

"Qazsport" арнасынан кетуіме түрлі себептер бар. Маған жала жабылды, бірнеше орынсыз сөгіс айтылды. Мұның бәрі басшылықтың қызметкерлермен дұрыс тіл табыса алмауынан болып отыр" , - деді Ермұхамед Мәулен.

Журналистің айтуынша, одан кейін артынан он шақты қызметкер де жұмыстан өз еркімен шығып кеткен. Мықты режисерлар мен журналистер телеарнадан болашақ көрмегендіктен кетіп қалған.

Сонымен қатар, спорт комментаторы Цыбулин мен оған дейін арна басшылығында болғандарды өзара салыстырып өтті. Оның сөзінше, телеарна ашылған сәттен бастап-ақ отандық спортшылар бақ сынаған сайыстың бәрін көрсетіп келді. Ермұхамед телеарна басшысы Есей Жеңісұлы болғанда тың жобалар іске асып, деректі фильмдер көптеп шығарылғанын айтты.

Одан кейін келген Диас Ахметшәріп те өзіне дейін болған басшының ісін жалғастырған. Алайда, оның орнын Цыбулин басқан соң, жағдай күрт өзгеріп кетті.

Фото: prosports.kz
Фото: prosports.kz: Facebook

Ермұхамед Мәулен бұрынғы басшысы Павел Цыбулинмен бірге жұмыс істеу қандай болғанын да жасырмады.

"Цыбулинмен жиі келіспей қалатынмын. "Алматы Аренада" өтіп, Еуропаны тізе бүктірген алматылық «Қайрат» футзал клубының финалын спорт үшін ашылған жалғыз телеарнамыздың көрсете алмауы – ақылға сыймайтын нәрсе. Егер Чемпиондар лигасының финалында ойнап жатқан «Қайраттың» матчын көрсете алмаса, ол телеарна не үшін ашылды? Бұған Павел Цыбулин жөнді жауап бере алмады." , - деді Мәулен.
Фото: prosports.kz
Фото: prosports.kz: Twitter

Сөз соңында комментатор Павел Цыбулиннің бар былығын ашып, оған өз кеңесін берді.

"Павел Цыбулин тегін көрсетілімдерге құмар. Оған, әйтеуір, үнемі ақша жетпей жатады. Трансляцияның құқығын сатып алу көп ақшаны қажет етпейді. Бірақ телеарна бюджеті басқа жаққа жұмсалып жатты. Миллиондап тұратын жобалары бар. «Жеке бапкер», «Шахмат әлемі» секілді аутсорсинг бағдарламаларға көп қаржы жұмсайды да, трансляцияларды федерациямен келісіп алғысы келеді. Үнемі солай.

Мысалы, «Qazsport» телеарнасының қызметкерлері іссапарға федерациялардың атынан барады. Арнаның өзі ақша бермейді. Сондықтан, іссапарға кеткен журналистер жарыстар туралы объективті пікір айта алмайды. Себебі сол ұйымдастырушылар сол телеарна қызметкерлерінің жолын, тамағын, жататын жерін төлеп беріп отырады.

Цыбулиннің «Qazsport» телеарнасының басшысы болып жүргеніне төрт жылдай болып қалды. Меніңше, оған қызметінен өз еркімен кету қажет. Басқа жобаларда, басқа қызметтерде бағын сынап көрсін. Себебі қазір «Qazsport» телеарнасында рейттинг те, абырой да қалмады" , - деп қайырды комментатор.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1793447-tanymal-kommentator-qazsport-arnasy-bassysyny-bylygyn-asty/

pixel