Выйти
RU

Головкиннің бапкерлері мен менеджерлері қанша жалақы алады?

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Boxingscene.com сайтының авторы Стивен Эдвардс Геннадий Головкиннің командасында жалақы қалай төленетіндігі туралы айтып берді деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Стивен Эдвардстың сөзінше, Абель Санчес Головкиннің гонорарынан бекітілген төлемді 10%-дан 2%-ға дейін төмендетуден бас тартып, дұрыс шешім қабылдаған.

"Өзін жоғары бағалайтын бапкердің жалақысы жоғары болуы керек, сол кезде ол бекітілген 10%-дан төмен ала алады.

Мысалы, боксшы 10 миллион доллар табыс табатын болса, жаттықтырушыға 750 мың доллар төлейді, яғни 7,5%.

Өз басым бапкерге 2% төлейді дегенді естімеппін.

Гонорары жеті, сегіз таңбалы сандарға жеткенше, жалақы 10% - бапкерге, 5% - бапкердің көмекшісіне, 2% - физикалық дайындық жөніндегі жаттықтырушыға беріледі.

Шамамен осылай болуы қажет. Кейбір бапкерлер мен промоутерлер 10%-дан көп алатыны мені таңғалдырады.

Шыншыл промоутерлер табыстың 80%-ын - боксшыға беріп, 20%-ын - өзіне алады.

Бұл әділ болғандағы үрдіс.

Шындығында 50 де 50 де кездесіп жатады. Заң жүзінде менеджерлер, командаға төленетін болса, 40% немесе 33,3% ала алады.

Сол себепті промоутерлер мен менеджерлердің жаттықтырушыдан көп алатыны менің күлкімді келтіреді.

Менеджердің жұмысы - боксшыға жақсы қарсылас таңдау болып табылады.
Әдетте менеджер бапкерді шақырып алып, одан осы қарсыластан басым түсе ала ма деп сұрайды. Осылайша, бапкер тәлімгерліктен бөлек, менеджердің қызметінің бір бөлігін де атқарады", - деді Boxingscene.com сайтының авторы.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Головкиннің бапкерлері мен менеджерлері қанша жалақы алады?