Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бәрі тегін": Түркістан қаласында ерекше дүкен ашылды

Опубликовано:

Түркістан қаласында "Тегін-қайырымдылық дүкені" ашылды. Мұнда көпбалалы аналар мен тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік пен киім-кешек тегін беріледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

фото: NUR.KZ
фото: NUR.KZ: Original

Игі іс облыстық ақсақалдар алқасы мен "Қоғамдық келісім" кеңесінің бастамасымен қолға алынған.

Дүкенде 2 тонна азық-түлік, төрт мың дана киім бар екен.

"Тегін-қайырымдылық дүкені" демеушілер тарапынан толтырылады.

Дүкен аптасына бір рет, яғни сәрсенбі сайын жұмыс істейді.

"Мұнда қаланың 8 мөлтек ауданының көше комитетінің төрағалары жасаған тізімдер бойынша мұқтаж отбасыларға азық-түлік, киім-кешек қажетілігіне қарай берілетін болады.
Нақтырақ айтқанда, әр аптада 40-50 адамға көмек көрсетілмек. Ол тізімге көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылар енгізіледі", – деді облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Ж.Әзіретбергенов.
фото: NUR.KZ
фото: NUR.KZ: Original

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1793456-bri-tegin-trkistan-kalasynda-erekse-dken-asyldy/

pixel