Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда республикалық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Опубликовано:

Алматы облысының полиция қызметкерлері бірнеше ай бұрын аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген 33 жастағы ер азаматты ұстады деп хабарлайды Алматы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. 

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Күдікті Панфилов ауданының бір ауылында тұрған.

Ол қаңтар айының басында қару қолданып, Жаркент қаласының 30 жастағы тұрғынын ауыр жарақаттаған.

Тез арада ауруханаға жеткізілген жәбірленуші аман қалды.

Ал күдікті оқиға орнынан қашып кетіп, оған республикалық іздеу жарияланды.

"Ұйымдастырылған жедел істестіру шарасы барысында облыстық полиция қызметкерлері күдіктіні Алматыдағы жалдамалы пәтерде ұстады.
Оны Панфилов аудандық полиция бөліміне жеткізіп, уақытша ұстау изоляторына қамады", - деді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1793462-almatyda-respublikalyk-izdeude-zrgen-kylmysker-staldy/

pixel