Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ван Дейк Англия чемпионатының үздік ойыншысы атанды

Опубликовано:

Англия премьер-лигасының 2018/19 маусымындағы үздік ойыншысы болып "Ливерпуль" клубының қорғаушысы Вирджил ван Дейк танылды деп хабарлайды Eurosport.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ван Дейк, фото: eurosport.ru
Ван Дейк, фото: eurosport.ru: Facebook

Команда капитандары, жанкүйерлер, футбол сарапшыларының дауыс беру нәтижесінде 27 жастағы "Ливерпуль" қорғаушысы Вирджил Ван Дейк үздік болып танылды.

Голландиялық футболшы клубтастары Садио Мане мен Мохамед Салахты, сондай-ақ "Челси" шабуылшысы Эден Азарды, "Манчестер Сити" ойыншылары Серхио Агуэро, Бернарду Силва және Рахим Стерлингті басып озды.

Айта кетейік, Ван Дейк осыған дейін Англия кәсіби футболшылары қауымдастығының нұсқасы бойынша маусым ойыншысы атанған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1793465-van-dejk-anglia-cempionatyny-zdik-ojynsysy-atandy/

pixel