RU
Ақтөбелік дәрігерлер арбаға таңылған азаматты аяғынан тұрғызған
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбелік дәрігерлер арбаға таңылған азаматты аяғынан тұрғызған

Рассказать Вконтакте

Ақтөбелік дәрігерлер ұзақ жылдар бойы ем жүргізіп, арбада отырған адамға жаңа өмір сыйлады.​ Гармондық дәрілерге тәуелді болып, өспей қалған бала қазір толыққанды өмір сүріп жүрген азаматтардың қатарында. Бұл туралы өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Ақтөбелік дәрігерлер арбаға таңылған азаматты аяғынан тұрғызған

Көрнекі фото: www.gazeta.ru

"Осыдан бірнеше жыл бұрын теміржол ауруханасына​ 1 сыныпқа баратын баланы анасы алып келді. 7 жастағы бала 3 жастағы баладай дамымай қалған. І топ мүгедектігі бар жеткіншек туа бітті астма демікпесіне шалдыққан.

Бала ауыр дәрілерді қабылдап жүрді. Оның дертіне қатысты бірнеше дәрігер зерттеу жұмыстарын жасады. Гармондық дәрілерге​ тәуелділіктен арылту үшін бізге 3-4 жыл керек болды.

Сол жылдар ішінде баланың дамуы қалпына келді. Қатарлары секілді бойы өсті. Өздігімен мектепке бара бастады. І топ мүгедегінен ІІ топқа ауыстырдық. Кейін ІІІ топ мүгедегі болды.

Ол адамның қазір ІІІ топ мүгедегі болып жүргеніне 20 жылға жуықтады. Толыққанды өмір сүріп жатыр. Үйленді, баласы бар.

Мұндай жағдайлар аз емес. Бірақ көп жағдайда нәтижеге қол жеткізе алмай жатамыз.

Менің сол баланың анасына алғысым шексіз. Ол кісі біз айтқан барлық емді пайдаланды, тұрақты қаралып тұрды. Апта сайын келіп, баланың жағдайын тексертеді. 

Ол адамда қазір де астма белгілері кейде болады. Бірақ жеңіл түрінде. Себебі тұрақты күтінеді.

Өзіндегі ІІІ топ мүгедектікті алып тастағысы келеді. Бірақ біз астма күрделі дерт болғандықтан олай жасай алмайтынымызды түсіндірдік", - дейді аллерголог дәрігер Зәмза Сайфулина.

Дәрігерлер соңғы кездері астмаға шалдыққандардың көбейгеніне алаңдап отыр.

"Соңғы кезде аллергия белгілерімен шағым айтып келетіндер көбейді. Астманың жеңіл түрін уақытында емдемегеннен кейін асқынып кеткен жағдайлар көп.

Аурудың алғашқы белгілерінен кейін-ақ дәрігерге көріну керек. Жасыратыны жоқ, бұл аурудың түрімен емделіп жүргендер жасарып бара жатыр.

Бұрын статистикадан 70 % ересек, 30% балалар болатын. Қазір көрсеткіштер теңесті. Бүгінгі күні алты айлық балаларға астма диагнозын қойып жатырмыз", - дейді Зәмза Сайфулина.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
8
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel