Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем елдерінің қалыңдықтары қандай неке көйлегін киетінін білесіз бе?

Опубликовано:

Неке тойы әрбір қалыңдық үшін ерекше салтанат. Қалыңдықтардың барлығы дерлік неке көйлегіне ерекше мән береді. Алайда кей елдерде қалыңдықтар бізге үйреншікті ақ көйлек емес, ұлттық киім киеді. Вigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ назарларыңызға қалыңдықтардың неке көйлектерін ұсынады.

Әлем елдерінің қалыңдықтары қандай неке көйлегін киетінін білесіз бе?
Фото: bigpicture.ru: Facebook

Болгария

Әлем елдерінің қалыңдықтары қандай неке көйлегін киетінін білесіз бе?
Фото: Stoyan Nenov/bigpicture.ru: Facebook

Дәстүрлі көйлек киген болгариялық бойжеткен.

Түркия

Әлем елдерінің қалыңдықтары қандай неке көйлегін киетінін білесіз бе?
Фото: Umit Bektas/bigpicture.ru: Facebook

Түркияда қалыңдық әкесінің үйінен той салтанатына кетпес бұрын, оның ағасы немесе бауыры беліне қызыл бау байлайды. Бұл бау бақыт пен сәттіліктің және пәктіктің нышаны.

Шри-Ланка

Әлем елдерінің қалыңдықтары қандай неке көйлегін киетінін білесіз бе?
Фото:Dinuka Liyanawatte/bigpicture.ru: Facebook

Бұл елде қалыңдықтың көйлегінде батыс және шығыс дәстүрлері үлесім тапқан. Мұнда тойға әшекейлермен безендірілген сари мен еуропалық жаулық тағылады. Әшекейлердегі тастар тақ сан болуы тиіс, себебі мұнда тақ сандар бақыт әкеледі деп есептеледі.

Индонезия

Әлем елдерінің қалыңдықтары қандай неке көйлегін киетінін білесіз бе?
Фото: Beawiharta/bigpicture.ru: Facebook

Индонезия аралдарының әрқайсысы өз той көйлектерімен ерекшеленеді. Әдетте қалыңдық түрлі-түсті және кестеленіп тігілген ауыр көйлектер киеді.

Пәкістан

Әлем елдерінің қалыңдықтары қандай неке көйлегін киетінін білесіз бе?
Фото: Akhtar Soomro/bigpicture.ru: Facebook

Бұл елдің қалыңдықтары тойға қою қызыл, қызғылт, күлгін түсті көйлектер киеді. Қалыңдық пен күйеу жігіт бастарына моншақ пен мақта жіптен жасалған бетперде тағады.

Үндістан

Әлем елдерінің қалыңдықтары қандай неке көйлегін киетінін білесіз бе?
Фото:Anindito Mukherjee/bigpicture.ru: Facebook

Үндістандық қалыңдықтар дәстүрлі қызыл түсті лехенга-чоли көйлегін киеді. Сондай-ақ Солар Шрингар ережесі бойынша оған басынан аяғына дейін 16 әшекей тағылады.

Нубия

Әлем елдерінің қалыңдықтары қандай неке көйлегін киетінін білесіз бе?
Фото: Noor Khamis/bigpicture.ru: Facebook

Мұнда қалыңдық басына гүлді орамал, мөлдір перде және бетін жабатын ақ желек тағады.

Эритрея

Әлем елдерінің қалыңдықтары қандай неке көйлегін киетінін білесіз бе?
Фото:Finbarr O’Reilly/bigpicture.ru: Facebook

Мұндағы дәстүрлі тойларда қара түсті барқыттан тігілген тәждер және алтын түсті жіппен кестеленген күлгін түсті көйлек киіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1793501-lem-elderini-kalydyktary-kandaj-neke-kjlegin-kietinin-bilesiz-be/

pixel