RU
Опасыздық жасайтын күйеуінен мезі болған келіншек жан сырын ақтарды
Жаңалықтар Қоғам

Опасыздық жасайтын күйеуінен мезі болған келіншек жан сырын ақтарды

Рассказать Вконтакте

Есімі жасырын болып қалған келіншек instagram әлеуметтік желісіндегі velikolepnyi_kazakhstan парақшасына күйеуінің төсек қатынасында да, қаржылай табыс табу жағынан да осал екенін жазып, мұңын шаққан. Әйел адамның сөзінше, ол жұбайына шынайы махаббатпен тұрмысқа шыққан. Алайда қызба мінез, еріншек күйеуінен шаршаған келіншек бүгінде өзгелерге ойы кетіп жүргенін алға тартты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: english.newstracklive.com

Фото: english.newstracklive.com

Келіншек өзі сүйіп қосылған азаматы оның көңілінен мүлде шықпай жүргенін алға тартты.

"Екеуіміз адам секілді сөйлесе алмаймыз. Ол үнемі менің ұялы телефонымды ақтарып, тексеріп отырады. Ал жанжал кезінде боқауыз сөз айтып, шапалақ тартып жіберуі мүмкін. Мұндай өмірден шаршадым", - деп жазды ол.

Әйелдің сөзінше, ол барлық міндеттерді өз мойнына артып алған. Табысты бірде тауып, бірде таппайтын күйеуінен мезі болған келіншек бүгінде өзіне басқа ер азаматтардың көз қырын салып жүргенін айтып, жұрттан кеңес сұрады.

"Балам бар. Өзімді өзім қамтамасыз етіп отырмын. Ал жұбайым бірде табыс тапса, бірде мүлде қалтасы тесік жүреді. Өмірім өтіп барады. Ол менің өмірімдегі жалғыз ер азамат. Бірақ маған көңіл аударып жүргендер де бар. Не істесем болады? Әйелдерінің көзіне шөп салып жүрген ер адамдарды түсіне бастаған секілдімін. Ажырасқаным дұрыс па, әлде балам үшін шыдайын ба?", - деп жазды кейіпкер жұрттан кеңес сұрап.

Сіздің реакцияңыз
2
3
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel