RU
Бекжан Тұрыс қыздардың көзінше танымал актрисадан таяқ жегенін айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Бекжан Тұрыс қыздардың көзінше танымал актрисадан таяқ жегенін айтты

Рассказать Вконтакте

Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткері, танымал театр актері Бекжан Тұрыс әріптесі Данагүл Темірсұлтановадан таяқ жеген күнін еске алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бекжан Тұрыс, Данагүл Темірсұлтанова. Фото: Актердің жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Бекжан Тұрыс, Данагүл Темірсұлтанова. Фото: Актердің жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Актердің айтуынша, Данагүл Темірсұлтанова оны екі бойжеткеннің алдында ұятқа қалдырған. Бұл жайында Бекжан Тұрыс Instagram парақшасында мәлім етті.

"Бірде пойызбен Атырау өңірінен гастрольдік сапардан келе жаттық. Ұмытпасам, Қызылорда облысының Шиелі ме екен, әйтеуір, бір станциясына жеткенде вагондағылармен ілесіп сыртқа шықтым.

Эфир арқылы көпке танылып кәдімгідей, "жұлдыз" боп жүрген кезім. Вагоннан түскенім сол – бейтаныс екі қыз менен қолтаңба сұрағаны.

Өнер адамының өзгеден "өзгешелігі" де - сонда. Әрі еркек деген атымыз бар. Қыздармен танысып-білісіп, ұзағырақ сөйлесіп, олардың мені танығанына мәз болып, кәдімгідей кеудеме желік бітіп, желпініп тұрмын.

Тура осы кезде шығып келе жатқан Данагүл мені көріп вагонның жақтауына сүйенген күйі "Ә-ә-әй" деп айқай салды. Жанымдағы сұлуларға қосылып мен де аңыртылып Данагүлге қараппын.

Вагоннан секіріп түскен ол екі бүйірін таянған күйі жанымызға жетіп келді де, "Көзімді ала бере істейтінің - осы! Есіл-дертің - қыз сенің! Оңбаған неме, осындайсың сен" деп жаныма жеткен бойда бетімнен шапалақпен салып қалды.

Есі шыққан екі қыз тұра қашсын. Оған тоқтайтын Данагүл ме, менің "Есің дұрыс па сенің?" деп ренжігеніме де пысқырмаған күйі әлгі қыздардың артынан "Әй, тоқтаңдар" деп айқайлады.

Ана екі қыздың оны менің келіншегім деп ойлағаны анық. Данагүл болса түк болмағандай жанымда тұр.

Сол кезде Данагүлге ренжіп, кәдімгідей ашуландым. Басты рөлін керемет сомдап, қалың көрерменнің ықыласына бөленген актрисадай өзі мәз", - деп жазды Бекжан Тұрыс.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
2
0
13
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel