RU
Алматы-Бішкек тас жолындағы апаттан тоғыз адам ажал құшты
Жаңалықтар Қоғам

Алматы-Бішкек тас жолындағы апаттан тоғыз адам ажал құшты

Рассказать Вконтакте

Алматы-Бішкек тас жолында жол апатының салдарынан тоғыз адам қаза болды деп хабарлайды Алматы облысының полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматы-Бішкек тас жолындағы апаттан тоғыз адам ажал құшты

Көрнекі фото:askeri.sud.kz

Жантүршігерлік оқиға 12 мамыр күні 109 шақырымда болған.

Алдын ала ақпарат бойынша, Lada жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, қарсы жолға шығып кетіп, келе жатқан көлікпен бетпе-бет соқтығысқан.

Жол апатынан тоғыз адам қаза болды. Оның үшеуі әйел адам.

Қайтыс болғандар Алматы, Шымкент, Түркістан және Алматы облыстарының тұрғындары.

"Қылмыстық кодекстің 4 бабының 345 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде", - деп хабарлады полиция өкілдері.
Сіздің реакцияңыз
1
2
0
2
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel