Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Германиядағы той: Немістер тойына қазақша шапан киіп, Айқынның әніне биледі

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде Қазақстаннан көшіп кеткен немістердің үйлену тойынан үзінді жарияланды. Олар жырақта жүрсе де, қазақтың ән-күйін ұмытпаған. Бұл туралы журналист Қанат Ескендір Facebook парақшасында жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC
"Біздің немістер - Германияда да Біздің немістер!" Жамбыл облысы Сарысу ауданы Байқадам (қазіргі Саудакент) ауылынан тарихи отанына кеткен неміс бауырларымыз Германияда қазақша той өткізіп жатыр! "Лёва, кімсің?" десең, "Жағалбайлымын!" деуші еді.., қазақтың асын адалдап жеген ағайындарым-ай!..", - деп жазады журналист өз парақшасында.

Видеода неміс жерінде өтіп жатқан үйлену тойынан үзінді келтірілген. Олар қазақ тілінде тілек айтып, қазақтың шапанын киіп, қазақ әндеріне билеуде.

Тарихи отанына көшіп кетсе де, қазақ халқын ұмытпаған неміс ұлтының өкілдеріне көпшілік ризашылығын білдіруде.

"Адал немістер-көршілер!! Давид деген электрик мақалдатып сөйлейтін. Көп қазаққа үлгі", "Еліне кеткелі 20 жылдан асты, әлі қазақты ұмытпауын айтсаңызшы!", "Керемет қой, керемет, аман есен жүрсін, неміс бауырлар!" деп жазды желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1793520-germaniadagy-toj-nemister-tojyna-kazaksa-sapan-kiip-ajkynny-nine-biledi/

pixel