RU
Төреғалидің жары қайын жұртына қатысты тың мәліметпен бөлісті
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Төреғалидің жары қайын жұртына қатысты тың мәліметпен бөлісті

Рассказать Вконтакте

Төреғали Төреәлінің жары жұлдызды отбасының құпияларымен бөлісті. Толқын өзі келін болып түскен шаңырақта өзіндік ұстанатын ережелер туралы бар шындықты айтты деп жазады "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Атышулы әншінің әйелі Төлеповтер әулетінде әйел адамдарға тағылған міндеттер мен олардың ұстанатын ережелері туралы сырын ақтарды.

"Бізде жалпы салт-дәстүріміз бойынша, қайын жұртқа, ата-енемнен бастап, қалған үлкен кісілердің бәріне иіліп сәлем салу - менің міндетім. Сондықтан қай жерде көрмесем де, сұхбат беріп жатырмын ба, далада көріп қалдым ба, дүкенде көріп қалдым ба міндетті түрде сәлем саламын" , - деді Толқын.

Оған қоса, жақында ғана ұлды болған келіншек қай уақыттан бастап орамал тағатыны туралы айтып, олай істеуіне не себеп болғанын да жасырмай жеткізген.

"Негізі келін болып түскеннен бастап, орамал тартамын. Одан кейін өзімнің ұстанымым бойынша түбегейлі орамал тастамайтын болдым. Бірақ келін болғалы тарта бастағаным рас" , - деді Төреғалидің жары.

Әншінің бірнеше жыл бойы жасырған сүйіктісі енесінің өзі әлі де сәлем салып жүргенін айтып берді.

"Біздің әулетімізде салт-дәстүрімізді жақсы ұстанады. Тіпті енемнің өзі, өзінен үлкен қайын жұртына әлі де сәлем салып тұрады. Сол себепті, мен де күнде таңертең үйдің үлкендерін көрген кезде сәлем салып отырамын.
Үй шаруасына келетін болсақ, мүмкіндігімше атқарып отыруға тырысамын. Бірақ, қазір кішкене жеңілдіктер бар. Бала деген сияқты. Ол жағынан енем маған барынша қолдау көрсетіп, реттеп отырады. Оған қоса, атам мен жүкті болған кезімде қандай нәрсеге жерік болсам, соны алып келетін" , - деді ол.
Сіздің реакцияңыз
3
1
0
2
1
14
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel