RU
163 метр: Жапонияда әлемдегі ең ұзын әткеншек орнатылды
Жаңалықтар Калейдоскоп

163 метр: Жапонияда әлемдегі ең ұзын әткеншек орнатылды

Рассказать Вконтакте

Жапонияның Китакюсю қаласында ұзындығы 163 метр шеңбер пішініндегі көп орынды әткеншек Гиннестер кітабына ең ұзын әткеншек ретінде енді. Бұл болатты құрылғыда бір мезетте 100 адам тербеле алады деп хабарлайды ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жапонияда әлемдегі ең ұзын әткеншек орнатылды

Фото: mainichi.jp

Әткеншек Кюсю аралының солтүстігіндегі "Хибикинада" ойын-сауық саябағында орнатылған.

Гиннес кітабының өкілдері әткеншек ұзындығын өлшеп, дүниежүзінде дара туынды екенін растады. Әкімдік өкіліне ресми диплом табысталды.

Бұрынғы әткеншек бұзылғаннан кейін қала әкімдігіне ата-аналардан жаңа әткеншек тұрғызу жөніндегі арыздар түскен.

Қала басшылығы осы мақсатта бюджеттен 120 миллион иен бөлген.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
10
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel