Выйти
RU

Автобус жүргізушісі жасөспірімнің өмірін аман алып қалды (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

АҚШ-та жас жеткіншек қоғамдық көліктен шықпақ болып, есікке қарай бағыт алған. Автобус аялдамаға жеткенде жүргізуші әйел артында жоғарғы жылдамдықпен келе жатқан көлікті байқап қалып, автобустан түсіп бара жатқан баланың күртешесінен тартып, тоқтатпақ болды деп хабарлайды 120.su сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Оқиға 26 сәуір күні орын алған.

Қауіпті байқап қалған жүргізуші жас жолаушының дәл алдында қоғамдық көліктің есігін тарс жапқан. Жеткіншек о баста не болып жатқанын түсінбегенімен, бірнеше секундтардан кейін әйелдің оның күртешесінен неліктен тартқанын ұққан.

Жазатайым оқиғаның алдын алған әйел мектеп оқушысының өмірін аман сақтап қалды.

Аталған бейнежазба facebook әлеуметтік желісінде талқыға түскен. Оқырмандар видеомен 10 мың рет бөліскен.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Автобус жүргізушісі жасөспірімнің өмірін аман алып қалды (видео)