Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жігіті сыйлаған жүзікті көрсеткен аруды желідегілер сынап тастады (фото)

Опубликовано:

Бойжеткен ғашығының өзіне сөз салғанын айтып, әлеуметтік желіге неке сақинасының суретін жүктеген. Алайда қуанышымен бөлісуге асыққан сылқымның жүзігін желі қолданушылары жоғары бағаламаған деп жазады 120.su сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: 120.su
Фото: 120.su: UGC

Оқиға кейіпкеріне сүйгені жүзік сыйлап, сөз салған. Тұрмысқа шығу туралы ұсынысты бойжеткен қуана қабылдап, бірден келісімін берген.

Қуанышты хабарды әлеуметтік желіде хабарлап, сақинасын суретке түсірген арудың неке жүзігі оқырмандардың көңілінен шықпаған.

Олар бойжеткеннің мұндай сақина тағуға ұялу керек екенін жазып, шықбермес шығайбайдан тездетіп құтылуға кеңес берген.

Желідегілердің пікірінше, ер азамат сүйгеніне лайық, көзге көрінетін сақина сыйлауы қажет еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1793558-zigiti-syjlagan-zzikpen-maktanbak-bolgan-aru-atka-kaldy-foto/

pixel