RU
АҚШ соты Қазақстанға қарсы 180 млн доллардың арызын қабылдамады
Жаңалықтар Саясат және экономика

АҚШ соты Қазақстанға қарсы 180 млн доллардың арызын қабылдамады

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тың Колумбия округінің соты Turan Petroleum, Inc. (Делавэр штаты), Energyfund, Inc. (Колумбия округы) және Trustees for Trek Resources, Inc. (Невада штаты) компаниялары Қазақстанның Энергетика министрлігіне қарсы 180 млн доллар көлеміндегі талап-арызын қабылдамады деп хабарлайды Zakon.kz сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

АҚШ соты Қазақстанға қарсы 180 млн доллардың арызын қабылдамады

Көрнекі фото: bahmut.com.ua

Сот бұл істі АҚШ-тың "Шетелдік тәуелсіз иммунитеттер туралы" заңын негізге ала отырып, құзіреті болмағандықтан қарауына қабылдамады.

Талап-арызда Арыс және Арал мұнай-газ кен орындарын игеру және пайдалану туралы концессиялық келісімшарттар талаптары бұзылған, АҚШ пен Қазақстан арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім бойынша талапкерлердің құқықтары бұзылған, фидуциарлық міндеттер орындалмаған, әділетсіз түрде пайда табылған, фактілерді бұрмалау және немқұрайлылық орын алғандығы айылған.

Осылайша, Колумбия округтік сотының шешімі Қазақстан Республикасының осы дауға қатысты ұстанымының дұрыстығын толықтай растады және Қазақстан аумағында шетелдік инвесторларды жан-жақты қолдау бойынша Қазақстан Республикасының жүргізіп отырған саясатымен үйлеседі.

Осы дауда Қазақстан республикасының мүдделерін әділет министрлігі және үкімет кеңесшісі - "Reed Smith" компаниясы қорғады.

Сіздің реакцияңыз
3
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel