RU
Қызымен асыр салып ойнаған Абай Бегей көпті сүйсінтті (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Қызымен асыр салып ойнаған Абай Бегей көпті сүйсінтті (видео)

Рассказать Вконтакте

Абай Бегей қызымен ойнап отырған видеосын жүктеп, көпшілікті тәнті етті. Желідегілер әкесі мен қызының ерекше жылы қарым-қатынасына тамсанып, оларға деген ыстық ықыласын білдірген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото:видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото:видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Желі қолданушыларын сүйсінткен видеоны Абай Бегей өзінің Instagram парақшасына жүктеп қойған. Бейнежазбада әнші қызы екеуі ұялы телефон қосымшасы арқылы қызықты іс-әрекеттер істеп отырғаны көрініс тапты.

Әкесіне заманауи технологияны үйреткен қызы оның бұл жаңашылдықтан алған әсеріне тоқтай алмай күлген.

Әкесі мен қызының ерекше сәтіне куә болған көпшіліколарға тәнті болғанын жасырмады. Желідегілер әнші жариялаған видеоның астына өз жылы лебізі мен игі тілегін білдіріп жатты.

"Әкесіне тартқан. Қандай тамаша көрініс" , "Қыздар әке махаббатына бөленіп өсуі керек" , "Сендерге қарап мен мәз болдым. Жанұяңыз бақытты болсын" , "Сіз мақтантұтарлық әкесіз" , "Әкесі мен қызының осындай тату әрі жақын болуы ғажап" , "Керемет сәт. Мейірімді әкесіз сіз" , - деп жазуда желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel