RU
Екібастұзда үйінді астында қалған баланы полицей қолымен қазып, шығарып алды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Екібастұзда үйінді астында қалған баланы полицей қолымен қазып, шығарып алды (фото)

Рассказать Вконтакте

Екібастұз қаласының Машхур көшесінде екі жарым метрлік ордың ішінде түсіп, үстін құм басып қалған баланы учаскелік полицей Тахир Касумов құтқарып қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Екібастұзда үйінді астына түскен баланы полицей қолымен қазып шығарды (фото)

Фото: Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі

Жазатайым оқиға күндіз болған. Жеті және сегіз жастағы екі бала қазылған ордың жанында ойнап жүріп, шұңқырға түсіп кеткен. Достарының бірі жақын маңдағы жанармай бекетіне жүгіріп, көмек сұраған.

Жанармай бекеті есепшісінің күйеуі бір баланы сыртқа шығарып үлгерген. Ал екінші бала көрінбей, үйіндінің астында қалған.

Куәгерлер полиция шақырған.

Учаскелік полицей Тахир Касумов жақын маңда болып, бірден көмекке жеткен. Баланы жарақаттап алудан қорқып, қолына күрек алмаған. Оқушыны бір метр жерден қазып алуға тура келген.

"Алғашында Тахир арқасына жеткен, сосын баланың басын қазып тапқан. Оны шығарғаннан кейін аузын құмнан тазарқан. Бала тыныс алмай жатқан.
Учаскелік полицей жасанды тыныс алдыру мен жүрек массажын жасағаннан кейін бала тыныс ала бастаған", - деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бала дәрігерлерге тапсырылды. Зардап шеккен екі бала да Екібастұз қаласының ауруханасына жеткізілді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
1
13
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel