RU
16 млн теңгені қарызға алған ақтөбелік азамат букмекерлік орталыққа ұтылып қалды
Жаңалықтар Қоғам

16 млн теңгені қарызға алған ақтөбелік азамат букмекерлік орталыққа ұтылып қалды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбелік азамат букмекерлік орталыққа 16 млн теңге ұтылды. Ол қомақты қаржыны таныстарынан "интернет бизнеске саламын" деп сұрап алған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: krotov.org

Көрнекі фото: krotov.org

25 жастағы ақтөбелік Қаныбек Ж. қомақты қаржымен қойған ұтысы шықпай қалған.

Кейінірек ол екі танысына интернет-бизнесі, соның ішінде төлемдерді қабылдайтын терминалдары бар екендігін айтыпты.

Ақтөбелік әрбір операция үшін белгілі бір пайыз пайда көретінін де алға тартқан.

Қаныбек оларға жобасына қаржы құйып, пайда түсіру ұсынысын жеткізіпті.

Екі ер азамат та Қаныбектің сөзіне сеніп, бірі 6 миллион, екіншісі 10 миллион теңге берген.

Алайда олар кейінірек "кәсіпкердің" ешқандай терминалдары жоқ екендігін біліпті.

Қаныбекті тәртіп сақшылары құрықтаған. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің "алаяқтық" бабы бойынша іс қозғалыпты.

Сот отырысында ол таныстарынан алған қомақты қаржына шотына салып, букмекерлік орталықта тігіске салғанын, бәрін де ұтылып қалғанын мойындаған.

Сот Қаныбекті жәбірленуші тарапқа үлкен шығын келтіргені үшін кінәлі деп танып, шартты түрде 4 жыл 10 айға бас бостандығынан айырды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
3
3
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel