RU
"Ғашық болып қалдым": Кентал биыл шаңырақ көтермекші
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Ғашық болып қалдым": Кентал биыл шаңырақ көтермекші

Рассказать Вконтакте

Шоу-бизнес әлемінің сүр бойдағы Кентал шаңырақ көтеретінін мәлім етті. Әнші жүрегін жаулаған аруды жолықтырған деп жазады "Гәкку" арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Биылғы жылы шаңырақ көтеремін деген жоспарым бар. Қазір менің қызым бар. Мен оған ғашық болып қалдым. Алла қаласа, осы қызға үйленемін", - деген болатын әнші бір сұхбатында.

Сондай-ақ өнер иесі болашақ қалыңдығына сырға салып, ұзатып алатынын да айтты.

"Сырға салу болады. Бірақ кит, қоржын дегендер болмайды. Құдалар өте замануи адамдар. Сондықтан оларда мұндай сұрақтар да туындамайды", - дейді Кентал.

Естеріңізге сала кетейік, әнші бүгінгі таңда отыздан асқан. Осы уақытқа дейін сүйгенін жолықтыра алмаған әнші жас жігіттерге 18 жасында шаңырақ көтеруге кеңес берген болатын.

Сіздің реакцияңыз
4
1
0
1
5
11
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel