Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Энрике Иглесиастың айдай сұлу егіз қарындастары туралы не білеміз?

Опубликовано:

Әйгілі әнші Энрике Иглесиастың егіз қарындастары бар екені жайлы бірі білсе, енді бірі біле бермейді. Бұған дейін жұрт көзінен таса болған арулар биыл алғаш рет ел алдына шығып, дүйім жұртты асқан сұлулығымен тамсандырған деп жазады woman.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: woman.ru
Фото: woman.ru: Facebook

18 жастағы Кристина мен Виктория АҚШ-та жылда дәстүрлі түрде өтетін Met Gala кешінде бой көрсеткен.

Иглесиастың қарындастары көпшіліктің назарын өзіне аудартып, қызу талқыға түскен.

Әйгілі әншінің егіз қарындастары бар екенін білмеген жұртшылық екі сылқымның сұлулығына тәнті болған. Мерекелік шараға арулар Oscar de la Renta сән үйі арнайы тігіп берген бірдей көйлекпен келген.

Айта кетерлігі, егіз қыздар мен Энрикенің әкесі бір болғанымен аналары бөлек. Әнші әкесінің бірінші некесінен дүниеге келсе, Виктория мен Кристина Хулио Иглесиастың екінші отбасында туған.

Фото: woman.ru
Фото: woman.ru: Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1793602-enrike-iglesiasty-ajdaj-slu-egiz-karyndastary-turaly-ne-bilemiz/

pixel