Выйти
RU

Алдағы үш тәулікте елімізде -5 градусқа дейін күн суытуы мүмкін

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Синоптиктер 14-16 мамыр аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты деп хабарлайды РМК "Қазгидромет" өкілдеріне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: fotonostra.ru

Көрнекі фото: fotonostra.ru

Синоптиктердің болжамынша, елімізде жылы жаздық ауа райынан кейін суытады.

Бұл солтүстік Оралдан жылжыйтын суық арктикалық фронттармен байланысты екен.

Мамандар алдағы үш тәулікте солтүстік облыста, күндіз орталықта жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал екенін және ауа температурасының күрт төмендеуі күтілетінін жеткізді.

"Шамамен 30 градустық ыстықтан кейін, күндізгі ауа температурасы 17-22 градусқа дейін төмендеуі күтіледі, қиыр солтүстікте 8-13 градус жылыға дейін төмендейді. Ал республиканың шығысында алдағы түнде жаңбырдың жабысқақ қарға ұласып, 0-5 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі", - дейді синопткитер.

Қазақстанның қалған аймақтарында найзағаймен бірге өткінші жаңбыр жауып, ауа температурасы аздап төмендеуі мүмкін.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алдағы үш тәулікте елімізде -5 градусқа дейін күн суытуы мүмкін