RU
Шереметьеводағы ұшақ өртінен Қазақстан тумасы қаза тапты
Жаңалықтар Калейдоскоп

Шереметьеводағы ұшақ өртінен Қазақстан тумасы қаза тапты

Рассказать Вконтакте

Шереметьеводағы ұшақ апаты кезінде қаза тапқандардың арасында 23 жастағы дағыстандық Навруз Искандеров болған. Искандер бала кезінде Қазақстанның Жаңаөзен қаласында тұрған. Бұл туралы kavkazr.com сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Шереметьеводағы әуе апатынан қаза тапқандардың ішінде Қазақстан тумасы болған

Фото: Навруз Искандеров/Courtesy Photo

Жігіттің достары мен туыстарының болжамынша, Навруздың аман қалу мүмкіндігі болған, бірақ ол басқа жолаушыларды құтқару үшін салонда қалған.

Навруздың әкесі қазақ болған. Алғашында отбасы Жаңаөзен қаласында тұрған. Содан кейін ол анасының отаны Дағыстанға көшіп кеткен.

Дереккөздің мәліметінше, Навруз Искандеровтың жақын туыстары қалмаған. Әкесі жас жігіттің бір жасқа толар-толмас кезінде қайтыс болса, анасы бірнеше жыл бұрын қатерлі ісіктен көз жұмған.

Марқұмның досы Шамиль Исмаиловтың сөзінше, Шереметьеводағы қайғылы оқиғаға дейін Навруз отанына барып, мұрнына ота жасатып, тісін емдетіп, көлік жүргізу куәлігін алған.

Мәскеуге жеткеннен кейін досын Рамазан айының басталуымен құттықтап хабарлама жіберген.

Шамиль Исмаилов Навруз салонда адамдарды құтқару үшін қалғанына сенімді.

"Навруздың туыстары қатты қамығуда. Олар қазір мәйіттің берілуін күтіп отыр. Бірақ мәскеудегілер әлі бір апта күту керегін айтуда. Сараптама жасалуы тиіс дейді. Алайда Навруздың жиені оны таныды. Оның денесі қатты күймепті", - дейді Шамиль Исмаилов.

Еске сала кетейік, 6 мамыр күні Мәскеуде жолаушылар ұшағы өртеніп, 41 адам қаза тапты.

Тергеу комитеті қайғылы оқиғаның себептерін атады.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel