RU
Бокстағы мансабын аяқтаған Әділбек Ниязымбетов қазір қайда жүр?
Жаңалықтар Қоғам

Бокстағы мансабын аяқтаған Әділбек Ниязымбетов қазір қайда жүр?

Рассказать Вконтакте

Бокстағы мансабын аяқтап, спорттан түбегейлі кеткен Әділбек Ниязымбетов жаңа жұмысқа орналасқан. Сүйікті ісімен жарақаты салдарынан қоштасуға мәжбүр болған спортшы бүгінде олимпиадаға даярлау орталығында қарапайым әдіскер болып қызмет етіп жүр деп хабарлайды Youtube желісіндегі Nursultan Qurman арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Әділбектің жаңа жұмысқа тұруына боксшы ағалары Серік Сәпиев пен Бахтияр Артаев септігін тигізген. Олар бұрынғы боксшы інісін бос жүрмей еңбек етуге шақырған.

Бокстағы ардагер ағаларының ұсынысын қабылдаған Ниязымбетов ойланбастан Нұр-Сұлтан қаласына көшіп барған. Бүгінде ол қызметіне қызу кірісіп кеткенін айтады.

"Елордаға келгеніме үш айдан астам уақыт болды. Басында келгенімде Серік ағаларым бар, Бахтияр ағам қол ұшын беріп, маған көмектесті. Спорт саласын қойғаннан кейін, бос жүрмей астанаға келгенің дұрыс болады деді. Бапкерлермен ақылдасқанмын. Осы қалаға келуіме себепші болған ағаларым. Солардың арқасында келдім. Мәселе жұмыс төңірегінде болды.
Біз өмір-бақи спортта жүргеннен соң, қағаз жүзіндегі жұмыстарға жоқпыз. Сол себепті, мұндай қызметте қалай жұмыс істеу керектігін өз көзіммен көріп, бұл салада бағымды сынап көруге шішім қабылдадым. Олимпиадаға даярлау орталығына методист болып кірдім. Маған қай саланы, қандай лауазымды ұсынса да дайын болдым. Бірінші рет жасаған соң, бастық болып кету мүлде оңай емес" , - деді боксшы.

Сонымен қатар, Ниязымбетов әдіскер ертінде қандай қызмет атқаратынын ашып айтты.

"Орталықта бокстан басқа да спорт түрлері де бар. Біз олимпиадаға даярлаумен бірақ қағаз жүзінде айналысамыз. Қағазға мүлде жақын емес болғанмын. Алайда, жұмыс болған соң, істеу керек. Әзірге жарты жылдай осы лауазымда болу жоспарда бар. Ары қарай не боларын көреміз. Негізі үш-төрт жылдай осы Нұр-Сұлтан қаласында қызмет етуді мақсат етіп отырмын" , - дейді Әділбек.

Бұрынғы боксшы өзі жұмысқа кірген орталықтағы орташа жалақыны да атап өтті.

"Менің мақсатым айлық үшін емес, осы қағазға сіңіп үйрену керек болды. Бұл жерде айлық 130-140 мың болатын шығар. Ондай болмаса мен келмес едім. Ондай айлыққа өмір сүру де қиын. Одан бөлек тамағың бар едегн сияқты" , - дейді Ниязымбетов.

Сіздің реакцияңыз
4
1
0
0
1
20
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel