RU
Индонезияда сайлау нәтижелерін санаған комиссияның 500 мүшесі көз жұмды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Индонезияда сайлау нәтижелерін санаған комиссияның 500 мүшесі көз жұмды

Рассказать Вконтакте

Индонезияда сайлау нәтижелерін санаған комиссияның 500 мүшесі қайтыс болды. Елдің денсаулық сақтау министрлігі дауыстарды есептеген қызметкерлердің өлімі инсульт пен инфаркттан болғанын хабарлады деп жазады Ca-news.org сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: ca-news.org

Көрнекі фото: ca-news.org

Елде дауыс санау барысында сайлау комиссиясының 496 мүшесі көз жұмған. Қайтыс болғандардың 131-і Батыс Джава провинциясынан.

Өз кезегінде орталық сайлау комиссиясы ажал құшқандардың орташа жасы 50-70 аралығында екенін алға тартты.

Ал денсаулық сақтау министрлігінің бас хатшысы Оскар Примади өлімнің табиғи себептен туындағанын хабарлады.

Айта кетейік, сәуір айында Индонезияда барлық деңгейдегі бір уақытты біркүндік жаппай сайлау өтті. Елде президент пен вице-президент және депуттаттар сайланды.

Сайлау комиссиясы ресми нәтижелерді 22 мамыр күні жариялайды.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel