RU
Әділбек Ниязымбетов мансабын аяқтаған соң теріс айналып кеткен достарын жайып салды
Жаңалықтар Қоғам

Әділбек Ниязымбетов мансабын аяқтаған соң теріс айналып кеткен достарын жайып салды

Рассказать Вконтакте

Әділбек Ниязымбетов бокстағы мансабын аяқтағалы бері өмірінің қалай өзгергенін баяндады. Спортшы бокстан қол үзгелі бері, кімнің шынайы дос екеніне көз жеткізген деп хабарлайды Youtube желісіндегі Nursultan Qurman арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ниязымбетов мансабын аяқтаудың арқасында айналасындағылардың ішінен өз пайдасы үшін ғана жүрген достарын анықтаған. Боксшы кезінде үнемі хабарда болған жақындары енді телефон тұтқасын көтермейтін болғанын ашып айтты.

"Иә, осындайда белгілі болады. Осыған дейін де сынап жүрдік. Шын дос деген қандай мақсатта болмасын қасыңнан табылады. Ондайлар қасыңда қалады әрине. Ал қалған өтірік араласып жүргендер жоқ демеймін, бар. Болды ондай адамдар да. Бірақ өзімнің ішкі дүнием кіммен араласу керек, кіммен араласпау керектігін жақсы біледі.
Оның бәрін енді біліп алдық. Телефонын көтермей қоятын кездері де болады. Баяғыда хабарласып жүретін адамдар қазір телефонын да көтермейді. Сосын барып өздері қайта қоңырау шалып, басқа сылтау айтады. Енді бұл өмір" , - дейді Ниязымбетов.

Айта кетейік, бұған дейін Әділбек Ниязымбетовтың әдіскер болып жұмысқа кіргенін жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
1
5
1
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel