RU
"Канелоның" промоутері Головкинді ұлы чемпион деп атады
Жаңалықтар Калейдоскоп

"Канелоның" промоутері Головкинді ұлы чемпион деп атады

Рассказать Вконтакте

Golden Boy промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес WBC/WBA (Super)/IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль Альварес пен Геннадий Головкиннің үшінші айқасының болатынына сенімді. Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Орта салмақ - Сауль Альварес үшін өте жақсы салмақ деп ойлаймын. Геннадий Головкинге келетін болсақ, бұл жекпе-жек өтуі тиіс. Қос боксшының алғашқы екі жекпе-жегі керемет болды. "Канелоның" онымен қайта кездесуіне еш кедергі жоқ.
Екеуінің де үшінші жекпе-жекті өткізуге ниеті бар. Головкин - тарихты ойлайтын боксшы. Ол "Канеломен" тағы бір айқас өткізбей мансабын аяқтамайды.
Бұл Головкинді ұлы чемпион етті. Ол үздіктермен қолғап түйістіргісі келеді. Головкинді демалысқа жібермей ұстап тұрған ішіндегі оты болып табылады. Әзірге оның "Канелоны" жеңе алатынын дәлелдейтін азғантай болса да мүмкіндігі болады", - деген Гоместің сөзін келтірді Sky Sports. 
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel